Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > 6 студент Быдгощ қаласында оқып келді

6 студент Быдгощ қаласында оқып келді

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жұбанов университетінің 6 студенті Быдгощ қаласының (Польша) Экономика Университетінде күзгі семестрді аяқтады.

Сапар барысында университеттің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері Айдана Танжарықова мен Нұрсылтан Асылов норвегиялық автор Терйе Стаксетаның балалар мен нәрестелерге арналған “Swim with Love” кітабын ағылшын тілінен орыс тіліне аударуға қатысты. Аталмыш кітапты аудару студенттердің алғашқы тәжірибесі болды, кітап авторы студенттердің жұмысын жоғары бағалап, оларға сертификаттар тапсырды.

Рождество мерекесі кезінде студенттер Бельгия, Литва, Франция, Нидерланды, Германия және Венгрия сынды көптеген  елдерге барды. Бұдан басқа, Варшава мен тарихи Торун қаласы Николаус Коперник жерінде болды.

Сондай-ақ, университеттің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Сабина Туржанова Быдгощ қаласында Экономика университетіндегі балабақшада 4 апталық әдістемелік тәжірибеден өтіп, еуропалық үлгідегі сертификат алды.

Быдгощ қаласына сапар барысында  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Фридрих Зейбель пен Александр Пашкин «Поляки в Казахстане» тақырыбында Бжугск қаласының орта мектебінде Қазақстан Республикасындағы поляктар мен поляктар диаспораларының өмірі туралы баяндады.

Оқудан оралған университет студенттері ұмытылмас саяхаттар және жаңа жаңалықтар, ғылыми тәжірибелер үшін университет басшылығына алғыстарын жеткізді.