Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің 16 студенті Ресей Федерациясында оқуларын жалғастыруда

Жұбанов университетінің 16 студенті Ресей Федерациясында оқуларын жалғастыруда

Жұбанов университеті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатты. 16 студент 2017-2018 оқу жылының көктемгі семестрінде Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары Башқұрт мемлекеттік университеті, Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті және Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеттеріне оқуға жіберілді.

Башқұртстан Республикасының ең көне мекемесі, республикадағы жоғары кәсіби білімнің негізін қалаушы, Ресейдегі жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі Башқұрт мемлекеттік университетінде «Химия», «Биология», «Информатика», «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтарының 7 студенті семестрлік оқудан өтеді.

Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетіне «Тау-кен ісі» және «Металлургия» мамандықтарының 6 студенті білім алады. ММТУ – Ресейдегі материалдық-техникалық базасы, зияткерлік әлеуеті жоғары, беделді көпсалалы техникалық университеттердің бірі болып табылады.

Ал «Мұнай және газ ісі» мамандығының 3 студенті Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне жіберілді.