Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесе отырып «Стартап — Болашақ 3 кезеңі: Менің Арманым» атты реалити-шоу форматында өтетін байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау мақсаты – өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау.

Байқау міндеттері:

— жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау;

— жас кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына жәрдемдесу;

— тәжірибелі тренерлер / тәлімгерлермен жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау;

— Startup жобаларын гранттық қаржыландыру;

— бизнесті қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыру.

Байқаудың өтетін орны: Қазақстан Республикасы;

Қатысушылар: 16-35 жас арасындағы кәсіпкерлер;

Жоба серіктестері: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Enactus Kazakhstan» қоры, Тель-Авив университетіндегі достар қауымдастығы, Кәсіпкерлік білім қауымдастығы

Байқаудың өткізілу мерзімі: қаңтар — желтоқсан 2018 ж.

Байқау кезеңдері:

1. Іріктеу кезеңі;

1.1 Байқаудың жариялануы, өтініштер жинау;

1.2 16 стартап уикендің өткізу. Конкурс қатысушыларын іріктеу. 500-ден аса жоба таңдалып алынады.

1.3 базалық ЖОО негізінде Инновациялар мен уәсіпкерлікті дамыту орталықтарында акселерация өткізу, тəлімгерлер / менторлармен жұмыс істеу;

2. Ширек финал. Республикалық стартап уикенд (Астана қ.). 100 шақты жоба таңдалып алынады.

3. Жартылай финал. Жазғы кубок. 50 шақты жоба таңдалынып алынады.

4. Байқаудың ақтық мəресі/ Финал. Республикалық DemoDay

5. Қорытынды кезең. 16 аймақтық DemoDay.

Ақтөбе облысындағы аймақтық іріктеу кезеңі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірілік мемлекеттік университетінде 2018 ж. наурыз айының 9-11 күндері өтеді

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН:

1. байқау ережесімен танысып шығыңыз (құжатты тіркеу)

2. ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздағы сілтеме бойынша тіркеуден өтіңіз;

назар аударыңыз!!! тіркелу іріктеу кезеңіне дейін 3 күн бурын жабылады!!!

3. стартап-жобаңыздың презентациясын іріктеу кезеңіне дайындап қойыңыз;

4. стартап-жобаңызбен таныстырып, қорғап шығыңыз

Байқауға қатысу тегін

Байқаудың ресми сайттары:

www.meninarmanym.kz

www.bolashak.kz

www.arsu.kz

Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

@startup.academy_aktobe (Инстаграм)

Стартап Академиясы. Жұбанов Университеті (Facebook)

Қосымша ақпарат: e-mail: startup.arsu@gmail.com

тел.: 87474404820