Пятница, Май 25, 2018
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университетінде бизнес-семинар өтеді

Жұбанов университетінде бизнес-семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Болашақ» Қауымдастығы жариялаған «Startup Bolashak. 3 сезон: Менің Арманым» стартап жобалары байқауының іріктеу кезеңі аясында 2018 жылдың ақпан айының 16-нда сағат 15.00-де «Стартаптың сырттай қаржылануы: қашан қажет болады және оны қайдан іздеу керек?» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысуға шақырамыз.

Тренинг-семинарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», МБ «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы», «Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы» өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов мәжіліс залы (А.Молдағұлова даңғылы, 34 үй, 2-қабат, бас ғимарат).

Ұйымдастырушы: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *