Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер қаланың экологиялық мәселесін талқылады

Студенттер қаланың экологиялық мәселесін талқылады

Жұбанов университетінің жаратылыстану факультеті «Экология» кафедрасының оқытушысы, магистр Надежда Бекбаулинаның ұйымдастыруымен «Қаланың экологиялық мәселесі – әр адамның немесе арнайы ұйымдардың міндеті» тақырыбында дебат өтті. Дебатқа «Экология» мамандығының 2–3 курс студенттері және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4–курс студенттері қатысып, өзара пікірталас өткізілді.

Аталған пікірсайыс мақсаты – Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының студенттерін қала экологиясы мәселесіне тереңірек көңіл бөлуге шақыру.

Дебатқа қатысушылар Ақтөбе қаласының экологиялық мәселелерін және оның қоғамдық ұйымдар мен әр қала тұрғыны үшін рөлін жан – жақты қарастырды. Пікірсайысшылар осы мәселелер бойынша оң және қарсы дәлелдер келтіріп, әр команда өз позицияларын табысты қорғады. Дебат жоғары деңгейде өтті. Екі команда мүшелері өз көзқарастарын қорғауға, басқаларды тыңдауға, пікірталас жүргізуге, шешімдерді ұжымдық талқылау және қабылдауға үйренді.

Дебат ойындары барысында «Экология» мамандығының 3–курс студенті Асемай Даулетиярова және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4–курс студенті Дана Мубаракова «Үздік спикер» атанды. Төрешілер жастардың қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық танытқандарына ризашылықтарын білдіріп, өзекті мәселенің оң шешімін табуы үшін әрбір адам өз үлестерін қосуы керектігін атап өтті.