Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде мұз айдыны ашылды

Жұбанов университетінде мұз айдыны ашылды

Жас ұрпаққа үлгі болып, оларды салауатты өмірге баулу және Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиадалық ойындарға қолдау мақсатында Жұбанов университетінің cпорт кешенінің ауласында университет студенттеріне арналған жаңа мұз айдыны ашылды.

Мұз айдының ашылуына университет басшылары мен студенттер қатысты.

Мұз айдынының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева мұз айдынының ашылуымен құттықтап, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланулары үшін түрлі ойын-сауық түрлерімен, спортпен шұғылдануға жан-жақты жағдай қарастырылғанын тілге тиек етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ, Жайнагүл Жаншақызы мұз айдынының тегін екенін жеткізді.

Мұз айдынын ашу туралы ойын білдірген дене шынықтыру спорт кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиадалық ойындарға қолдау көрсету мақсатында ашылып отырғанын, таза ауамен тыныстап, мұз айдынында конькимен сырғанудың пайдалалы екенін айтып, мұз айдынының ашылуымен құттықтады.

Мұз айдының салтанатты ашылу рәсімінде кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров пен физика-математика факультетінің қызметкері Шолпан Крамбаева коньки теуіп, әдіс-тәсілін көрсетті. Сонымен қатар салтанатты ашылу рәсімінде университет студенті Ислам Бақтыбай «Көк тудың желбірегені» әнін шырқап, сөз ырғағында жиналғандар жаппай сырғанауға ортаға шықты.