Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет оқытушысы «Педагогикалық инновациялар» халықаралық байқауының жеңімпазы

Университет оқытушысы «Педагогикалық инновациялар» халықаралық байқауының жеңімпазы

Байқау жеңімпазы Гүлдариға Симұқанова — тарих факультеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Ол байқауға «Әлеуметтану» (көрнекі – әдістемелік сызбалар кешені) атты оқу – әдістемелік құралын ұсынып, жоғары оқу орындары арасындағы «Үздік электрондық оқулық» номинациясы бойынша ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Педагогикалық инновациялар» халықаралық байқауы Астана қаласында ұйымдастырылған болатын. Байқау мақсаты  қазіргі заман талабына сай білім беру мазмұнын жаңғырту, инновациялық технологиялар мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды қолдау, педагогтардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби дәрежесін арттыруға бағытталды.

Байқау барысында білім беру саласындағы инновациялық жетістіктер тәжірибеге енгізіліп, үздік педагогикалық идеялар анықталды.