Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жас ғалым» ғылыми үйірмесінде Елбасының Жолдауы талқыланды

«Жас ғалым» ғылыми үйірмесінде Елбасының Жолдауы талқыланды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған «Он мақсат — он міндет» тақырыбында «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының «Жас ғалым» ғылыми үйірмесінің жетекшілері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.С.Бегимбаева және тарих магистрі А.Ж.Қалыбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті бөлімінің әлеуметтік мәселелер секторы басшысы А.С.Қожбан, оқытушы Л.С.Искакова, тарих факультетінің студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан Жібек Бегимбаева: «Елбасымыздың әрбір жаңа жолдауы еліміздің даму сатысында және стратегиялық маңызы бар құжат болып табылады. Аталған жолдау төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің дамуына арналған. Онда мемлекет басшысы біздің барлығымыз жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті анықтады», — деді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер Нурия Джумагалиева, Лаура Куандыкова, Салтанат Жұмабаева Қазақстанның өнеркәсібін жаңғырту және цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен тақырыптарына арналған қазақ және орыс тілдерінде баяндамалар оқыды. Ал Азизбек Сүлейменов сандық технологияларды енгізу және «Intellegent Transportatiton» жүйесінің құрылуы, жеткізу уақытын үнемдеу және транзиттік табысты арттыру жөнінде ағылшын тілінде баяндап берді. Мадина Қарагойшина, Асылжан Байзауов, Әсел Қуантқановалар жетінші басымдық — адам капиталының жаңа сапасын қамтамасыз ету туралы үлкен қызығушылықпен талқылады. Тарих факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары А.Ж.Абденов баяндамасында отандық транспорт-логистикалық инфрақұрылымның дамуының тиімділігін ашып көрсетті. Сонымен қатар, «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының  меңгерушісі Ұ.Ш.Исмагулов мемлекет басшысы тұтастық саясатты құрастыруы, адамның білім беру саласын дамыту арқылы адам капиталын өсіруге бағытталғанын айтты.

«Жас ғалым» ғылыми үйірмесі 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Оған 25 студент мүше.