Четверг, Май 2, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Қазақстан-ақтөбе» телекомпаниясы ақтөбенің іргелі оқу орны құдайберген жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетпен меморандум бекітті

«Қазақстан-ақтөбе» телекомпаниясы ақтөбенің іргелі оқу орны құдайберген жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетпен меморандум бекітті

Білім ордасы телеарнаның бөлімшесін ашып, арнайы мамандық енгізіп, журналистер дайындап шығармақ. Ал жас мамандарды тәжірибеден өткізуді «Қазақстан-Ақтөбе» міндетіне алып отыр. Ақтөбе телевизиясының қарашаңырағына ат басын тіреген еліміздегі белді университет ректоры Бауыржан Ердембеков алдымен телеарнаның техникалық және шығармашылық әлеуетімен танысты. Ұжым қызметкерлерімен кездесті. Жиында алдағы уақытта «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасымен бірігіп жасалатын жұмыстарды жіпке тізді. Сонымен, университеттегі қазақ-орыс филологиясы факультеттеріне журналистика мамандығы қосымша енгізілетін болды. Ал онда тәрбиеленген жас мамандар телеарнада тәжірибеден өтеді.

БАУЫРЖАН ЕРДЕМБЕКОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

— «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл филиал студенттеріміздің ертеңгі ұшталуына, болашақта біздің университетімізде ғана емес, жалпы жастардың көзқарастары, барлығы қамтылатын хабарлар, бағдарламалар осы филиал арқылы елге жетіп жатса деген мақсатта алып бар. Солардың барлығын біз болашақта осы телеарна арқылы берсек, уақыттарды алсақ, сапалы дүниелер беріліп жататын болса, ол телевидениенің де ертеңгі деңгейін көтереді деген ойдамыз.

Келелі кеңесте бүгінгі әріптестік келешекте екі тарапқа да игілік әкелсін деген тілек айтылды. Сөйтіп, телеарна оқу орнымен ынтымақтастық меморандумын түзді. Бүгінде 2 мың қызметкер жұмыс істеп, 10 мыңнан аса студент оқитын еліміздегі ең таңдаулы білім ордасымен телеарна тығыз байланыста. Түрлі хабарлар, әлеуметтік бейнероликтер жасалып, университеттегі өтіп жатқан шаралар әрдайым көзі қарақты көрерменге көрсетіліп келеді. Облыстық арна директоры қоян-қолтық жұмыс істеп, әрқашан қолдау білдіретін университет басшылығына алғысын білдірді.

Гүлбағда Қайратқызы, Амантай Сүттей

http://aktobetv.kz