Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбенің жетекші бизнес-кеңесшілері студенттерге табысты бизнес құпияларын айтып берді

Ақтөбенің жетекші бизнес-кеңесшілері студенттерге табысты бизнес құпияларын айтып берді

Бүгін университетте «Стартапты сыртқы қаржыландыру: оның қажеттілігі мен іздестіру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған шараны Жұбанов университетінің Инновациялар және кәсіпкерлікті дамыту орталығы ҚР білім және ғылым министрлігі жас кәсіпкерлердің «Болашақ» ассоциасымен бірлесе жариялаған «Startap Bolashak. 3 кезең: Менің арманым» байқауға дайындық аясында ұйымдастырды.

Тренинг-семинардың мақсаты – студенттерге стартап-жобаларын қаржыландыру жайында ақпараттар беру.

Шараға «Ақтөбе облысы кәсіпкерлікті басқару» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Куканова, «Достық» кәсіпкерлер клубының негізін салушы директоры С.У.Данабеков, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Бекжан Асаухан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының құзіреттілікті арттыру бағдарламасы менеджері Мейірхан Жанкелдіұлы, экономика ғылымдарының кандидаты, экономика және құқық факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Курманалина қонақ ретінде шақырылды.

Семинар барысында стартап-жобаларын  қаржыландыру мәселелері қарастырылды. Шара соңында «My Bro» бабершоп орталықтарының негізін қалаушы Ербол Мейірманов өзінің жетістікке жету жолымен бөлісті.