Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институтының гранттары анықталды

Конфуций институтының гранттары анықталды

Конфуций институттарының Бас Штаб пәтері (Ханьбан) тарапынан Конфуций институтының үздік білім алушыларына 2017-2018 оқу жылының бакалавриат, магистратура бағдарламалары және тілдік тағылымдама бойынша 30 білім гранты берілді.

Грант иегерлері Қытайдың іргелі жоғары оқу орындарында (Синьцзянь қаржы-экономикалық университеті, Шанхай қаласындағы Қытай-Шығыс Педагогикалық университеті, Пекин ғылыми-техикалық университеті, Пекин тіл университеті, Сямэнь университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Қытай оңтүстік-батыс университеті, Сычуань университеті, Юньнань университеті, Синьцзян университеті және Сычуань педагогикалық университі) қытай тіліндегі білімдерін жетілдіретін болады.

Конфуций институтының гранттарына оқу жоспарының талабы бойынша, HSK емтиханынан жоғары нәтиже көрсеткен, университеттің Конфуций институты тарапынан ұйымдастырылған барлық іс-шараға белсене қатысқан және семестрлік емтихандардан жоғары баға алған лайықты студентер иеленді.

Грант иеленушілерге алдағы уақытта оқуларына сәттілік тілеп, Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда өз үлестерін қосады сенім білдіреміз!