Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Құдайберген Жұбановты еске алу шарасы өтті

Бүгін Құдайберген Жұбановты еске алу шарасы өтті

Бүгін университеттің «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығында тұңғыш профессор, терминолог, түркітанушы Құдайберген Жұбановты еске алуға орай «Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Самат Есқалиев,  Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкері Бақытгүл Ешмұратова,  философия ғылымдарының кандидаты,  доцент Үмбетхан Сәрсембин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бағила Мұратбек және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты —  Құдайберген Жұбанов есімін ұлағаттау арқылы жастарға Алаш қозғалысының белді тұлғаларын дәріптеп, құрметтеуге баулу, олардың бойларына ұлттық рух пен рухани байлық дарыту.

Дөңгелек үстелге қатысушы оқытушылар  Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына да  тоқталды. Жиналғандар   Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұралары мен идеялары жайлы әңгімелесті.

Дөңгелек үстел  барысында  филология факультетінің 3-курс студенті Нұрәділ Еламан  Құдайберген Жұбановтың ату жазасы алдында  арнаған өлеңін оқыды. Сондай-ақ, шараға қатысушыларға Жұбановтану бейне-дәрісі, «Жұбановтар» мультимедиялық энциклопедиясы, 3D кітап форматындағы «Жұбанов мұрасы» виртуалды мұрағаты көрсетілді.