Воскресенье, Декабрь 16, 2018
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде «Үздік оқырман» байқауы басталды

Жұбанов университетінде «Үздік оқырман» байқауы басталды

«100 кітап» республикалық жобасы аясында Жұбанов  ғылыми университетінде әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті, инновация мен кәсіпкерлікті дамыту орталығымен бірге университеттің ғылыми кітапханасы  ұйымдастырған «Үздік оқырман» байқауы 2018 жылдың 17 ақпан мен 17 сәуір айы аралығында жүргізіледі.

Оған университет студенттері қатысуда. Үздік оқырман атану үшін студенттердің назарына отандық және әлемдік классиктердің 100 үздік таңдалып, ұсынылды. Ұсынылған кітаптар ішінде    Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы, М.Мақатаев пен М.Шахановтың өлеңдері, В.Астафьевтің «Кража. Последний поклон», А.Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратинонын басынан кешкендері», Дж. Лондонның «Теңіз қорқауы»,  Марк Твеннің  «Том Сойердің басынан кешкендері»  атты әйгілі шығармалар бар.

Байқау барысында «Үздік оқырман», «Кітапқұмар», «Тұрақты оқырман», «Белсенді оқырман»  номинациялары бойынша  жеңімпаздар анықталатын болады.

Сондай-ақ, байқауды ұйымдастырушылар студент-оқырмандар арасында кітап оқуға, сүйікті кітап кейіпкерлеріне, университет кітапханасындағы кітаптармен қаншалықты таныстығына байланысты сауалнамалар жүргізуде.

Байқаудың мақсаты – студент жастарды кітап оқуға қызықтыру, сол арқылы олардың бойына интелегенттік  мәдениетті қалыптастыру, оларды өмір салтына кітап оқу уақытын енгізуге  бейімдеу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.