Вторник, Март 31, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Үш таған» рухани-танымдық журналының редакторы студенттермен кездесті

«Үш таған» рухани-танымдық журналының редакторы студенттермен кездесті

Жұбанов университетінде Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  жетістікке жеткен танымал тұлғалармен кездесіп, дәрісін тыңдау мақсатында жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен ҚР журналистер одағының мүшесі, «Үш таған» рухани-танымдық журналының бас редакторы Жаншаева Бақыт Құрманқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Бақыт Жаншаева студенттерге «Ұлттық құндылықтар, ұлттық код — елді дамытудың негіздері» тақырыбында дәріс оқып, студенттерге өзінің өмір жолдары туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, Бақыт Құрманқызы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — ұлттық кодыңды сақтай білу екеніне және тұтас қоғамның, әрбір қазақстандықтың санасын жаңартудың бағыттары мен қағидаларына тоқталды.

Кездесу  соңында  факультет деканы Мұрат Жарақұлы журналистке  ұжым атынан ризашылығын білдіріп, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Б.А.Ердембековтің  «Алғыс хатын» табыстап, гүл шоғын ұсынды.