Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > ҰБТ-ға дайындық басталды

ҰБТ-ға дайындық басталды

Құдайберген Жұбанов университетінде 11-сынып оқушыларына математикадан тегін шеберлік сағаты өтті. Болашақ студенттер ҰБТ қарсаңында математикадан өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Қалада ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық басталды. Соның бір көрінісі — Жұбанов университетінің оқытушылары ұйымдастырған шеберлік сағаты. Тегін шеберлік сабағын физика-математика ғылымдарының кандидаты Асқарбек Иманшиев өткізді. Ол оқушыларға қиын тапсырмалардың өзін оңай жолмен шешу тәсілін көрсетті.

Шеберлік сабақтары барлығы алты пәнді қамтыды. Олар: математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, биология, физика және география.

Мұндай шеберлік сағаттары мамыр айына дейін жалғасады. Өңірдің кез келген оқушысы қатысып, өз білімдерін ұштай алады.

Айерке Зинедина

источник