Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихшы-ғалым Самат Есқалиев арнаулы кітапханада баяндама жасады

Тарихшы-ғалым Самат Есқалиев арнаулы кітапханада баяндама жасады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымында Жұбанов университетінің ғалымдары елеулі қосып келеді. Жақында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында ұйымдастырылған «Ұлы дәуір шежіресі»  тақырыбында өткен дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» кеңсесінің үйлестірушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Самат Есқалиев қатысып, Елбасының еңбегіне орай баяндама жасады.

Елбасы кітабында егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Тарихшы Самат Есқалиев баяндамасында аталған еңбектің маңыздылығын атап өтіп, ел тарихында, ұрпақ тәрбиесінде ықпалы зор екендігін айтып берді.

Дөңгелек үстелде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жиналғандар пікірлерін ортаға салды.