Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаратылыстану факультеті жастары қарттарға құрмет көрсетті

Жаратылыстану факультеті жастары қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін Жұбанов университеті жаратылыстану факультетінің белсенді студенттері ұстаздарымен бірге №1 Ақтөбе әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарттарға құрмет көрсетті.

Шараның мақсаты – студенттерге ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік борышын бір сәтке де есінен шығармау қажеттілігін түсіндіре отырып, үлкендерге ізет- құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Шара барысында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты концерт ұйымдастырылып, өнерпаз студенттер бар ықыласымен, мейірімділікпен қариялардың көңілдерін аулауға тырысты. Мерекелік концертті қарттар ерекше ықыласпен тыңдап, жастар өнеріне риза болып, батасын берді. Шараны ұйымдастырушылар қариялармен бірге естелікке суретке түсті.