Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін «Инноватор-оқытушы» байқауының шешуші кезеңі өтті

Бүгін «Инноватор-оқытушы» байқауының шешуші кезеңі өтті

Шараны ERG (Еуразиялық топ) «Тель-Авив университеті достары ассоциациясы» серіктестігі мен Алматы Менеджмент университеті ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлік аясында оқытушыларға қолдау көрсету, жастар арасындағы кәсіпкерлік қызығушылықты арттыруға ықпал жасау, жастар кәсіпкерлігін дамытуға ынталандыру, заманауи білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін мұғалімдердің шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктерін ашу, кәсіпкерлікті жастар арасында тиімді өмірлік стратегия ретінде насихаттау, экономикалық және кәсіпкерлік ортада жастардың әлеуетін дамытуды белсендіру.

Қатысушы-финалистер өздері ұсынған жобаларының таныстырылымын өткізді. Жобаларды бағалау келесі талаптарға сай жүргізілді: жобаның өзектілігі және оның шынайы экономикалық процестерге сай болуы, жобаның жаңашылдығы, жобаның нәтижелігі, жобаны таныстыру шеберлігі, таныстырылымның мазмұндылығы, материалдың ерекше ұсынылымы.

Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың наурыз айында белгілі болады.