Четверг, Август 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > Шығармашылық мамандықтары студенттерінің жұмысқа орналасу мәселесі талқыланды

Шығармашылық мамандықтары студенттерінің жұмысқа орналасу мәселесі талқыланды

Бүгін кәсіби-шығармашылық факультетінің ұйымдастыруымен «Болашақ шығармашылық бағыттағы бітіруші түлектерді кәсіби қызметке бейімдеу мәселелері» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.

Семинарға «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ әкімшілік және кадр бөлімінің басшысы Манар Утекешова, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Жания Исатаева, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары Ербол Кенжалы, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Серікова, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония директорының орынбасары Шүкіралла Нұржанов, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының директоры Альфия Нигматулина, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры Жалғас Құдайбергенов, Ақтөбе облысының ҚР суретшілер одағы филиалының жетекшісі Жапар Бақытгерей қатысып, осы жұмыс берушілермен бірге университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылды.

Семинарда кіріспе сөзді Ғылыми инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров алды. Ол жиналғандарға келген қонақтарды таныстырып, университет түлектерін кәсіби қызметке бейімдеу маңызды шаралардың бірі екендігін атап өтті.

Облыстық семинарды мазмұнды баяндамасымен ашқан «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев шығармашылық мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру, оның проблемалары мен шешу жолдарын ұсынды. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова жаңартылған білім беру жағдайында педагог кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Нұрлыбек Жүсіпов Ақтөбе облысының спорттық мектептеріне түлектердің орналасуы жайында ақпарат берсе, «Ақтөбе облыстық мәдениет, архив және құжаттама» ММ басқармасы басшысының орынбасары Ермұхан Қыдырғали «Жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері» тақырыбындағы баяндамасын жасады.

Семинар барысында университеттің шығармашылық мамандықтарының студенттері әлеуетті жұмыс берушілердің кеңесін тыңдап, пікірлесе алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.