Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Серпін» жобасымен оқығандар жұмыспен қамтылады

«Серпін» жобасымен оқығандар жұмыспен қамтылады

«Серпін» бағдарламасы аясында білім алған жастар жұмыспен қамтылады. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы әкімдігі өкілдерінің жерлестерімен жүздесуінде айтылды. Кездесуде, ақтөбелік оқу орындарындағы студенттердің жағдайы, олардың жатақханамен қамтылуы да сөз болды.

Ақниет Рахманберген — Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінің екінші курс студенті. Сыр өңірінің Қазалы ауданында туып өскен ол, қазір құрылысшы мамандығын игеріп жатыр. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, алқашқы еңбек жолында осыннан бастамақ. Себебі бұл — «Серпін» бағдарламасының басты талабы.

Осыдан төрт жыл бұрын басталған «Серпін» бағдарламасына қызылордалықтар белсене қатысып келеді. Бүгінде еліміздің 9 аймағындағы оқу орындарында төрт жарым мың студент білім алып жатыр. Оның 280-нен астамы Ақтөбеде. Көбісі, жергілікті жерге қажет мамандықтарды игеруде. Биыл бағдарлама аясында оқып жатқан жастардың алғашқы легі түлеп ұшады. Оларды тұрақты жұмыспен қамту үшін сыр өңірінің билік өкілдері қазір тиісті іс-шараларды қолға алған.

Еліміздің әр түкпірінде оқып жатқан жастардың жағдайымен танысуды мақсат еткен қызылордалықтар, кешелі бүгін жерлестерінің оқу орны мен жатақханаларын көрді. Өздерімен сұхбаттасып, болашақтағы жоспарларын білді. Жалпы, «серпін» бағдарламасы аясында Ақтөбеде сыр өңірінен өзге, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп білім алып жатқандар бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

источник