Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Аөму-де бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өтті

Аөму-де бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша шығармашылық емтихан өтті

2017 жылдың шілде айының алғашқы күндері университет тарапынан бекітілген кестеге сәйкес талапкерлерге арналған «5В010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша «Сурет» пәнінен шығармашылық емтихан өтті.

Сурет пәнінен шығармашылық емтиханға 70 талапкер қатысты, күндізгі бөлім бойынша – 52 талапкер емтихан тапсырса, ал сырттай оқу бөліміне — 18 талапкер емтихан тапсырды.
Шығармашылық емтихан кезінде талапкерлердің басым көпшілігі бейнелеу өнерінің заңдылықтарын практикалық тұрғыда жоғары дәрежеде меңгергендігін көрсете білді. Мәселен, кеңістікте орналасқан заттардың байланысын, сондай-ақ, қағаз бетіне орналастыру, қойылымдағы заттың пропорциясын еркін таба білу — бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша емтиханға қатысушы талапкерлер үшін үлкен жетістік болып саналды.

Ал, 2017 жылдың шілде айының 11-і күні талапкерлер шығармашылық емтиханды «Көркемсурет» пәнінен тапсырып, оған 52 талапкер қатысты. Көркемсурет бойынша талапкерлер берілген жұмыстарын түстік қатынас, жарық және көлеңке арқылы жүзеге асырды. Емтихан барысында талапкерлер колориттік қатынастарды берілген қойылымда әсерлі етіп шығаруға тырысты.

Қабылдау комиссиясының айтуынша, биыл шығармашылық мамандықтарға талапкерлер сұранысы өте жоғары және екі есе көп.

Шығармашылық емтихандардан сүрінбей өткен талапкерлерді құттықтай отырып, оларға кәсіби маман болуды тілейміз!

Маркетинг орталығы

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.