Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлы ағылшын марафоны

Ұлы ағылшын марафоны

Осындай тақырыпта филология факультеті «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдері педагогика, тарих, кәсіби-шығармашылық, экономика және құқық факультеттері арасында олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты — әрбір факультетте «Ағылшын тілі» пәні бойынша үздік студенттерді анықтау.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер жабық типте лексика-грамматикалық сынақтан өтті. Екінші кезеңде оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап беру ғана емес, сондай-ақ, «Саяхат және ашушылар» тақырыбындағы негізгі білімдері сыналды. Үшінші кезеңде ұсынылған екі тақырыптың бірінде жауап хат пен эссе жазу қажет болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша кәсіби-шығармашылық факультетінде  Әсемгүл  Құлмағамбетова бірінші орын, Күләш Тынғина екінші орын, Аяжан Қуантаева үшінші орын иеленді.

Педагогика факультетінде Айман Рамазан бірінші орын, Жанылсын Қабдолғалиева екінші орын, Луиза Әлібекқызы үшінші орынды жеңіп алды.

Экономика және құқық факультетінде бірінші орынға Айдана Құрманова, екінші орынға Моншақ  Кенжебекова, үшінші орынға Айзат Усербай лайық деп танылды.

Ал тарих факультетінде  Диана  Спанова бірінші орынды, Айша Таженова екінші орынды, Мадина Карагойшина үшінші орын алды.

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.