Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Агроөнеркәсіп кешені: жан-жақты даму жолымен

Агроөнеркәсіп кешені: жан-жақты даму жолымен

Жолдау

Президентіміз Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Қазақстан-2050» даму стратегиясында мақсат етіп қойған озық дамыған отыз елдің қатарына кіруге одан әрі қол жеткізу үшін 10 міндет қойды.

Елбасының ауыл шаруашылығына қатысты айқындап берген міндеті «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі болып табылады.

Аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшін де, экономикалық және әлеуметтік аспектілерде де стратегиялық маңызды болып саналады. Ауыл шаруашылығы —Қазақстан экономикасының өзекті салаларының бірі, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Қазақстан — ауылшаруашылық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын дамыта алатын елдердің бірі. Ауыл шаруашылық саласын қолдау — мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі, өйткені ұлттық экономиканың бұл саласы нарық пен бәсекеге аз икемделген.

Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенін экономикалық өсудің драйверіне айналдыру үшін ғаламдану жағдайындағы үрдістерді ескере отырып (Еуразиялық экономикалық одақтың әрекет етуі, ДСҰ-на мүшелік, т.б.) бұл саланы басқару жүйесі қажет. Ол үшін аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз маңызды.

Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы қажет етіледі. Аграрлық-индустриалдық диверсификация, яғни ауылшаруашылық шикізатын өңдеуді арттыру, ауыл шаруашылығындағы жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар агоөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық-технологиялық дамытуды белсендендіру жағдайында ғана мүмкін. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.

Қазақстанда осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек. Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс екендігі Жолдауда атап өтілді.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ауыл шаруашылығында өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында орташа және ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері басым болуы керек.

Агроөнеркәсіп кешенінің материалдық-техникалық базасын күшейту, ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде индустриалды-инновациялық даму жолына көшіру Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін тиімді дамытуды білдіреді.

Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Бұл Елбасының айқындаған міндеттерінде де орын алған.

Қазақстанның ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілген жағдайда, әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Табиғаты жағынан, жерінің қолайлылығы, экономикасының дамуы тарапынан біздің облысымыздың мүмкіндігі мол. Азық-түлікпен Қазақстанның батысындағы облыстардың халқын қамтамасыз етуге толық шамасы жетеді. Жалпы  ауыл шаруашылығы саласын дамытуда облысымыздың әлеуеті жоғары. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы негізгі міндет барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі мен саланың экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.

Ақтөбе облысында айналымға берілетін суландырылатын жерлер көлемі жыл сайын артып отыр. 2017 жылы екпе алаңдарын әртараптандыру қолға алынды, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдары екпе алаңдарының құрылымындағы бидайдың үлесі 42,3% азайтылды және мал азығындық дақылдар алаңдары 31,3%  ұлғайтылды. Ақтөбе облысы ет өнімін өңдеу үлесін  29,1%-дан  31%-ға дейін, сүттің мөлшерін  37,8%-дан 48,6%-ға дейін ұлғайтты.

Агроөнеркәсіп кешені жобаларын іске асыру үшін Ақтөбе қаласында қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар индустриялық-аграрлық аймағын құру қолға алынды. Ет және сүт өндіру жөнінде 13 цех, 13 сервистік-дайындау орталығын және 39 ауыл шаруашылығы кооперациясын құру жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Бұл жұмыстардың барлығы Жолдау жолдарындағы міндеттерді жүзеге асыруға үлесін қосары анық.

Халел ҚҰСАЙЫНОВ,

экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Ақтөбе қаласы.

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.