Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Жұбанов университетінде арнайы жабдықталған екі кабинет ашылды

Бүгін Жұбанов университетінде арнайы жабдықталған екі кабинет ашылды

Қабақ Айтұлы мен Тілеу Айтұлы есімдеріне арналған кабинеттердің ашылуына тарихи тұлғалардың ұрпақтары, жергілікті әкімшілік басшылары, облыс зиялылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Кабинеттерді ашудағы мақсат – ұлт мүддесі жолында ерлік еткен тұлғалардың ерліктерін, өмірлік жолдарын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау.

Кіріспе сөзді университет ректоры Б.А.Ердембеков алды: «Бүгін университетте Қабақ Айтұлы мен Тілеу Айтұлына арналған арнайы кабинеттер ашып отырмыз. Туған жер, халық бірлігі үшін күрескен екі тарихи тұлғаны бөліп жара алмаймыз. Екеуі де жаумен күрес жолында ерлікпен қаза тапты. Бұл кабинеттерді ашу арқылы біз еліміздің дамуына үлкен үлесін қосқан қазақтың тұлғаларының ерліктерін ұрпақ санасына сіңіреміз. Президенттің «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде айтылғандай, халық осындай тұлғалардың есімдерін әркез құрметтеп, есте сақтайтын болса, біз мемлекетімізді мәңгілік елге айналдырамыз», — деді. Сонымен қатар ректор аталған кабинеттердің ашылуына материалдық қолдау көрсеткен «Тілеу баба» және «Қабақ баба» қоғамдық қорларына алғысын жеткізді.

Ақтөбе облысының құрметті азаматы Сматтулла Беркімбаев өз сөзінде университет басшылығына алғысын білдіре отырып, Қабақ және Тілеу Айтұлдары жайында кеңірек ақпарат беріп өтті. «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетайұлы қор атынан Қабақ баба есімін дәріптеуге үлес қосқаны үшін университет ректоры Бауыржан Ердембеков пен «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Боранбай Моменовке «Қабақ Айтұлы» атындағы медалді табыс етті.

Ашылу рәсімінде кабинеттердің лентасын философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мен тарихшы-ғалым Закраддин Байдосов салтанатты түрде кесті.

Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров батырлардың өмір жолдары жайында қысқаша баяндап өтіп, жаңа қабинеттерді қонақтарға таныстырды.

Шара шағын концерке ұласты.