Бұл жөнінде Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, 2017-2018 жаңа оқу жылында жатақханаға сұраныс жасаған университет студенттері жатақханамен толық 100 пайыз қамтылған.
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазіргі таңда 3 жатақхана бар. №1 жатақхана 580 орынға, №2 жатақхана 630 орынға, смартхоум типіндегі «Жастар үйі» 500 орынға есептелген. Қазіргі уақытта Гришина көшесінде орналасқан №4 жатақханаға өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын университетте білім алушылар саны артып келеді. Сондықтан оларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау міндетін басты назарда ұстаймыз», — деді департамент басшысы.
Жатақханалар студенттердің өмір сүруі, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сай жабдықталған. Сонымен қатар жатақханаларда wi-fi желісімен қамтылған компьтерлік залы, кітапхана, демалыс бөлмелері бар.