Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Латын қарпіне көшудің ғылыми-әдістемелік мәселелері

Латын қарпіне көшудің ғылыми-әдістемелік мәселелері

Бүгінгі  Жұбанов университетінде филология факультеті «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында талқыланды. Семинарды филология факультетінің деканы Күлзат Садирова кіріспе сөзбен ашып, басқосуда латын графикасы негізіндегі әліпби жобалары баяндалатынын тілге тиек етіп өтті.

Семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушылары, М.Құсайын атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері, университеттің филолог-ғалымдары мен студенттер қатысты.

Семинарды филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Сәдуақас «Латын негізді қазақ әліпбиінің дыбыстық құрамы» тақырыбындағы баяндамасымен бастады. Келесі кезекте Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының латын әліпбиіне көшу бағыты бойынша атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Семинар барысында онлайн арқылы Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов байланысқа шығып, латын әліпбиіне көшудің ерекшеліктері жайында пікірін ортаға салды. Сонымен қатар онлайн байланыс арқылы Сүлеймен Демирел атындағы университеттен филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Күдеринова қазақ жазуы тарихындағы әліпби таңдау принциптері жайлы айтты.

Өзге де шараға жиналғандар латын әліпбиі жайындағы пікірлерін ортаға салып, семинар соңында өзара талқыға салды.