Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Қос батырға арналған кабинет ашылды

Қос батырға арналған кабинет ашылды

Рухани жаңғыру ұғымы тарихымызды түгендеумен астарлас. Бұл бағытта Ақтөбеде жасалып жатқан шаралар аз емес. Бүгін Жұбанов университетінде ағайын қазақ батырлары Тілеу, Қабақ Айтұлдарының есімі берілген оқу кабинетінің ашылуы осының бір көрінісі.

Кабинет дәрісхана есебінде студенттерге пайдалануға берілді. Мұнда қос батырдың өмірінен сыр шертетін кітаптар мен жәдігерлер қойылған және танымдық-әдістемелік материалдармен жабдықталған. Мақсат біреу — жас буынды, студенттерді тарихи тұлғалардың ерлік істерімен таныстыру.

Бұл кабинетті ашылуға жергілікті кәсіпкерлер мен «Қабақ баба» қоры демеушілік көрсеткен. Дәрісхананы жарақтауға жалпы көлемі 5 млн теңге жұмсалған.

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.