Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Хабарландырулар > «Нұрпейіс Байғанин» атындағы дәрісхана ашылады

«Нұрпейіс Байғанин» атындағы дәрісхана ашылады

№6 оқу ғимаратында ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы  «Нұрпейіс Байғанин» атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты өткізіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін бұл шараға Н.Байғаниннің ұрпақтары, облыс пен қаланың зиялы қауым өкілдері, ақтөбелік ақын-жазушылар, университет басшылығы мен профессор-оқытушылары,  студенттер мен магистранттар, БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін уақыты: 2 наурыз, сағат 15:00

Мекен-жайы: Гришин көшесі, 7 «а», 323-дәрісхана