Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дәстүрлі «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауының биылғы жеңімпаздары анықталды

Дәстүрлі «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауының биылғы жеңімпаздары анықталды

Жұбанов университетінің Үздіксіз білім беру институтының Біліктілікті арттыру орталығы жыл сайын дәстүрлі  түрде өтетін «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауының қорытындысын жариялады.

Байқауға 9 факультеттен 20 оқытушы қатысты. Қазылар алқасы ашық сабақтарға қатысып, нәтижесінде бірінші орынды «Математика» кафедрасының оқытушысы Захира Нугаева иеленді. Екінші орын «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының аға оқытушысы Жанна Оразова мен «Математика» кафедрасының оқытушысы Жұлдыз Исабергеноваға берілді. Ал үшінші орынды «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Замзагуль Сулейменова мен «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Динара Рамазанова теңдей бөлісті. Сондай-ақ, қатысушыларға номинациялар берілді. «Студенттердің өз бетінше танымдық құзыреттілігін ұйымдастыру» номинациясына  «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Инна Ли, «Интерактивті оқыту арқылы көптілділік мәселесін шешу» номинациясына «Химия» кафедрасының аға оқытушысы Алмагуль Агишева, «Ғылыми тілді шебер пайдалану» номинациясына «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Рита Жумагалиева, «Дәрісті  интерактивті ұйымдастыруы үшін» номинациясына «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Жазира Оразаева лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен  жүлдегерлер  дипломдармен, байқауға қатысушылар  сертификаттармен  марапатталды.