Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Менің арманым» стартап жобалар байқауы басталды

«Менің арманым» стартап жобалар байқауы басталды

Қазақстанда бүгін «Менің арманым» стартап жобалар байқауы жарияланды. Реалити-шоу форматында өтетін байқауға тек жастар қатысады. Ең үздік жобаның авторы 1,5 миллион теңге грантқа ие болады. Байқаудың біздің облыстағы іріктеу кезеңі наурыздың 9-11 күндері Жұбанов университетінде өтеді. Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы жастар қатысады. Үміткер наурыздың 6-на дейін байқауға қатысушы ретінде тіркелуі керек. Ақтөбеден бұл байқауға бүгінге дейін 222 адамнан өтініш түскен. Ұйымдастырушылар жобалардың қандай екенін құпия ұстап отыр. Инновациялық, Ай-Ти технологияларға байланысты жобаларға басымдық беріледі. Барлық облыстан іріктелген жобалардың авторлары Астанада жазғы лагерьде бизнес-жоспарын жетілдіреді. Ал, ең үздік жоба қазан айында белгілі болады. Оның иесіне 1,5 миллион теңге грант тағайындалған. Екінші орын алған жобаға 1 миллион теңге, үшінші орынға 500 мың теңге сыйақы бар.

источник