Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Семинар-тренинг кафедра филиалдарының жұмысын жандандыруда

Семинар-тренинг кафедра филиалдарының жұмысын жандандыруда

Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының Новый орта мектебіндегі  филиалында «Әдебиет пәндерін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану – білім сапасын көтерудің негізі» тақырыбында бірлескен семинар-тренинг өтті. Шара барысында жаңартылған білім мазмұнына байланысты ашық сабақ өткізіліп, аталған тақырып төңірегінде дәріс тыңдалды.

Кафедра оқытушылары мен пән мұғалімдері, педагогикалық тәжіибеден өтіп жатқан студенттер және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруы тиімді екендігін атап өтті.