Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбедегі ірі университет журналистер дайындап шығармақ

Ақтөбедегі ірі университет журналистер дайындап шығармақ

Ақтөбедегі ірі оқу орны журналистер дайындап шығармақ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл туралы желідегі парақшасында «Қазақстан-Ақтөбе» арнасының директоры Ернұр Бурахан жазады.

«Ақтөбенің іргелі оқу орны — Жұбанов ат. аймақтық мемлекеттік университетімен меморандум бекіттік. Білім ордасы телернамыздың бөлімшесін ашып, арнайы мамандық енгізіп, бізге журналистер дайындап шығармақ», — деп жазады ол.

Ал, жас мамандарды тəжірибеден өткізуді телеарна басшылығы өз мойнына алып отыр.

Иса Айбекұлы, Aktobenews.kz