Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов сахнасында — Екі жұлдыз

Жұбанов сахнасында — Екі жұлдыз

Бүгін Студенттер сарайында кәсіби-шығармашылық факультетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Екі жұлдыз» мерекелік кеші өтті. Мерекелік кешке аталған факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінен құралған 4 жұп қатысты. Байқау шарты бойынша жұптар дуэт айтудан жарысты.

Шара басында Білім үдерісін ұйымдастыру департаментінің директоры С.К.Бишекен барлық әйелдер қауымын құттықтап, қатысушы жұптарға сәттілік тіледі. Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы С.С.Мұхтаров та мерекелік құттықтауларын арнап, оларға естелік сыйлықтарын табыстады.

Келесі кезекте сахна төріне шыққан «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Ботағариев және «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Моменов те әйелдерді мерекелерімен құттықтады. Ол өз кезегінде тамаша күй орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Байқау қортындысы бойынша: бас жүлдені «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының лаборанты Жанат Төлегенова мен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Жанасыл Хабидулла жеңіп алды. 1-орынды «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Байшүкірова мен «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Әділхан Убадуллаев иеленді. Жүлделі 2-орын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Руслан Шоқанов мен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Жұлдыз Сағатова тиесілі болды. 3-орынды «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедрасының оқытушысы Гүлзат Төретаева мен «Бейнелеу өнері» мамандығының 1-курс студенті Батыржан Төлегенов қанжығасына байлады. Жеңімпаздар ақшалай және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кеш барысында факультеттің өнерпаз тобы концерттік бағдарламамен байқауға қатысушы жұптарға қолдау көрсетті. Кеш ер азаматтардан құралған хордың орындауындағы «Анаға сәлем» әнімен аяқталды.