Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белгілі қазақстандық эколог Жұбанов университетінде болды

Белгілі қазақстандық эколог Жұбанов университетінде болды

Бүгінде «Табиғат» экологиялық одағына төрағалық қызметтегі Мэлс Елеусізов жаратылыстану факультетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ғылыми инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров табиғат жанашырының атқарып жүрген қомақты жұмыстарын атап өтті. Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар  құрамы қатысты.

Мэлс Елеусізов студенттерге еліміздің экологиялық жағдайын баяндап, қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды қазіргі әлемдік деңгейдегі күннің жылуы, ауа райының ластануы, мұздақтардың еруі секілді ірі мәселелер төңірегінде мәлімет берді. Қоршаған ортаның қадірін түсіну әрбір адамзат парызы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, елімізді жасыл желекті елге айналдыруымыз қажеттігін, ол үшін әр азамат өз үлесін қосу керектігін айтты. Сөз соңында М.Елеусізов жастарды табиғаттың тілін түсініп, қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды.

«Табиғат – халық қазынасы. Қоршаған ортаның қадірін түсініп, қазіргі қалпын сақтау – қай-қайсымыздың болсын басты міндетіміз. Соңғы жылдары табиғаттың қатал мінез таныта бастауына себепші өзіміз екенімізді естен шығармай, келешегімізге алаңдар болсақ, алдымен табиғаттың тілін түсініп, қоршаған ортаға қамқор болудан бастайық», — деді ол. Сонымен қатар Мэлс Елеусізов студенттердің қойған сұрақтарына толыққанды жауап беріп, экологиялық орталықтың атқаратын міндеттері жайында баяндады.