Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Рухани жаңғыруды қолдаған пікірсайыс

Рухани жаңғыруды қолдаған пікірсайыс

Тарих факультеті «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «География» мамандығының студенттері арасында «Бұл палата экономикалық жаңғыруға қарағанда рухани жаңғыру тиімді деп есептейді» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті.

Шараға қонақ ретінде Ақтөбе Дебат орталығының директоры Е.Т.Тобылбаев, «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А.Ж.Бүркіталин, тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Қ.Қонбай, №2 оқу ғимаратындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі Э.У.Абдуллина қатысты.

Жастарға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс барысында фракция мүшелері өз позицияларының дұрыс екендігін дәлелдей білді. Шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырған «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы. Жастар көзімен» және «Экономикалық жаңғыру әлеуеті» баяндамалары. Еркін микрофон кезінде студенттер де, шара қонақтары да тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Жастарды басты толғандырған мәселердің бірі – білім беруді дамыту және мақаладағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы болды.

Айта кететін жайт, аталмыш шараны аға оқытушы Сания Айғожина ұйымдастырды.