Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қытайдағы қандастар Жұбанов университетіне оқуға келді

Қытайдағы қандастар Жұбанов университетіне оқуға келді

Атажұртқа ата-аналарына бұрын табан басқан 12 қытайлық қазақ жастары ішкі тебіреністерін жасырмады. Олар тарихи Отандары қазақ елінде аз уақыт болса да білім алатындарына қуанышты. Бұл  болашақ қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, сурет пәндерінің мұғалімдігіне оқып жатқан  жастар.  Синьцзянь Ұйғыр автономиялы ауданы Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының 2-3 курс студенттерінің қазақстандық оқу орнына оқуға жіберілуі акедемиялық ұтқырлық бағдарламасымен жүзеге асырылып отыр.

Қытайлық қазақ жастары университетпен алғашқы таныстығын Құдайберген Жұбанов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы мен университет мұражайынан бастады. Олар Ақтөбеде бір оқу семестрін аяқтайтын болады.