Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болгар ғалымы Николай Буюклиев Жұбанов университетінде 10 күн дәріс оқыды

Болгар ғалымы Николай Буюклиев Жұбанов университетінде 10 күн дәріс оқыды

Болгария Республикасынан келген ғалымның бұл университетімізге келген екінші сапары. Бұл жолы да профессор академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келіп отыр. Ана тілінен бөлек орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген Николай Буюклиев қазақстандық студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп, білген-түйгенін үйретуге әркез әзір екендігін айтады. Профессор осы сапарында 10 күн бойы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттеріне «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша дәріс оқиды. Ғалым дәрістерінде студенттерге бақылаудың, тәжірибенің, талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағыттап, шешім қалыптастыруды үйретті.