Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техника ғылымдарының магистрі Жадырасын Саркулова халықаралық конференцияда қоршаған орта мәселесін көтерді

Техника ғылымдарының магистрі Жадырасын Саркулова халықаралық конференцияда қоршаған орта мәселесін көтерді

XXI «Докучаев жастар оқулары» халықаралық конференциясына техникалық факультетінің «Мұнайгаз ісі» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Жадырасын Саркулова қатысып, «Қоршаған ортаға цинк шығаратын зауыттардың әсері» тақырыбында баяндама жасады. «Докучаев оқулары» Ресей, алыс және жақын шет елдердегі студенттер, магистранттар және университеттер мен ғылыми мекемелердің жас ғалымдарына бағытталған.  Топырақтану ғылымының негізін қалаушы көрнекті ғалым В.В.Докучаевқа арналған конференцияға қатысқан студенттер мен жас ғалымдардың баяндамалары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің «Орыс топырақтарын зерттеу материалдары» атты мерзімді басылымында жарияланды.