Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде Амал мерекесі өтті

Жұбанов университетінде Амал мерекесі өтті

Ұлттық мереке, дәстүр, әдет-ғұрыпқа ерекше мән беретін Жұбанов  университеті де Амал мерекесін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырды.

Аталмыш мерекеге арналған шара университеттің Студенттер сарайында «Амалдан амалға аман жетейік!» тақырыбында өтті және шарада өңірдегі жоғары оқу орындарының ректорлары мен қаладағы бірқатар мекемелер мен ұйымдар басшылары, ата-аналар қонақ болды.

Амал кеші «Келді, міне жаңа жыл» атты қойылымымен ашылды.

Мерекеде сөз алған университет ректоры,  профессор Бауыржан Ердембеков мерекенің маңыздылығына тоқталды. «Амал мерекесі – бүгінгі таңда тек батыс өңірінде ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін  төл тарихымыз да қайта жанданып, қайта қаралып, мейрамдарымыздың  келбеті де айшықтала түсуде. Сондай көне де, жаңа дәстүр Амалды мерекелеу бүгін Қазақстан бойынша өтуде.  Амал мерекесімен басталатын Наурыз елімізге құт-берекесін, молшылығын,  әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық сыйласын. Баршаңызға денсаулық, қызметтеріңізге мол табыс тілеймін!», — деді. Содан соң ректор «Үздік студент медалінің иегерлерін  — 24 студент және 200-ден  астам оқу ақысына жеңілдік алған үздік және белсенді  студенттердің  аналарына Алғыс хат табыстады.

 

Алғыс хатпен үздік студенттерінің оқу ақысына қаржылай қолдау көрсеткен 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 2 акционерлік қоғам,  1 компания мен  облыстық қоғамдық бірлестік те марапатталды.

 

Мереке барысында сөз сөйлеген қадірлі қонақтың бірі ҚР еңбегі сіңген қайраткер, спорт ардагері Зейнулла Төлеутаев  жылы қабылдауға  алғысын білдіріп,  «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Нұрсұлтан Мұратжановқа өз атынан шәкіртақы  табыстады.

Мерекелік шара концертпен ақталды.