Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің кәсіби бағдар беру тобы Темір ауданына барды

Университеттің кәсіби бағдар беру тобы Темір ауданына барды

Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру тобы бұл сапарында  Темір ауданының  Шұбарқұдық кентінде орналасқан  Шұбарқұдық гимназиясында  11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Гимназия базасында өткен  кездесуге №1 Шұбарқұдық  мектеп-гимназиясының, №2,№3, №4  Шұбарқұдық  орта мектебінің, Жансен Кереев атындағы орта мектебінің,  Қопа орта мектебінің 11 сынып оқушылары және Темір ауданының 16 мектеп директорлары,  Темір ауданы білім бөлімінің басшысы Гульнар Нұртазина  қатысты.

Кездесу барысында кәсіби бағдар беру тобы әр оқушының сұрақтарына толыққанды жауап берді. Оқушыларға қосымша мамандықтар жайында толық ақпарат жазылған парақшалар таратылды. Сонымен қатар аталмыш кездесу барысында аудан мен университет арасында тығыз байланыс орнату мақсатында бірнеше шаралар атқарылды.  Жұбанов университеті мен Темір ауданының білім бөлімі арасында меморандумға қол қойылды.  Сондай-ақ, Шұбарқұдық гимназиясында «Теориялық және қолданбалы тіл білімі», «Математика» және «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедраларының, Кенкияк орта мектебінде «Орыс филологиясы және мәдениаралық қарым-қатынас», Шұбаршы орта мектебінде «Ағылшын және неміс тілдері» кафедраларының филиалдарын ашу жоспарланды.