Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру «Үздік кәсіпкер» іскерлік ойыны арқылы өтті

Кәсіби бағдар беру «Үздік кәсіпкер» іскерлік ойыны арқылы өтті

Экономика және құқық факультетінде университеттің кәсіби бағдар беру тобымен біргелікте университет мамандықтарының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында «Үздік кәсіпкер» атты іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты  — оқушылардың мамандықтың қыр-сырын түсініп, дұрыс шешім қабылдауына жол ашу, ойлау қабілетін, танымын арттыру. Шараға Алға ауданы және Ақтөбе қаласының орта мектептерінің мектеп бітірушілері қатысты.

Ойын барысында экономика және құқық факультеті мамандықтары туралы презентация жасалып, бейне-ролик көрсетілді. Физика–математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Асқарбек Иманчиев оқушыларға «Ұлттық біріңғай тестілеуде қиындық туғызатын мәтіндік есептерді шешудің тиімді әдістері» атты математикалық пәннен шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар шара барысында «Мамандықтар көрмесі» ұйымдастырылып, факультет кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Ойын қорытындысы бойынша сұрақтарға ең көп жауап берген оқушыларға сыйлықтар табысталды.