Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті Үндістан Республикасы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Жұбанов университеті Үндістан Республикасы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Жұбанов университеті мен  Үндістан еліндегі Калинга өнеркәсіптік технологиялар институты және Amity университеттері арасында өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум аясында аталған серіктестік жоғары оқу орындарымен Жұбанов университеті студенттері, оқытушылары мен зерттеушілерге тәжірибеден өту, зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу, оқытушылар мен студенттерге арналған қысқа мерзімді курстар, қысқа мерзімді кәсіптік білім беру, ақпарат алмасу, семинарлар мен конференциялар алмасу бағдарламалары жүзеге асады.

Калинга өнеркәсіптік технологиялар институты — Үндістанның жеке коммерциялық жоғары оқу орны. Институт қызметін 2004 жылы бастаған. Бүгінгі таңда аталған институт әлемнің 140-тан астам әлемдік деңгейдегі университеттерімен академиялық әріптестік пен ынтымақтастық орнатқан.

Amity университеті — 80 000-нан астам студент оқитын Үндістандағы ірі оқу мекемесі. Мекеме жоғары оқу орындарының арасында студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуына бағытталған халықаралық бағдарламаларға белсене қатысады.