Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін шығармашылық мамандықтардың ғылыми көрмесі өтті

Бүгін шығармашылық мамандықтардың ғылыми көрмесі өтті

Бұл «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» көрме-сайысының екінші кезеңі болатын. Аталған шара студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша өтті. Көрмені педагогика ғылымдарының кандидаты Ә.Ә.Сағымбаев, магистр Т.Қ.Ұзақбаев, магистр А.Н.Жеңсікбаева ұйымдастырып, жетекшілік жасады.

Шараға факультеттен үздік деп танылған 8 үйірме қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орынды педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Қ.Сибагатованың ғылыми жетекшілігімен «Костюм дизайны» үйірмесі жеңіп алды. Екінші орын аға оқытушы  Н.Х.Тналинаның жетекшілігіндегі «Өнер туындылары өз қолымызбен» үйірмесіне берілді.  Ал үшінші орынды «Студенттерді дене тәрбиесіне тәрбиелеу мәселелері» және «Қолөнер бұйымдары» үйірмелері өзара бөлісті. Жеңімпаз үйірмелер көрме-сайысының үшінші кезеңіне жолдама алды. Ал қалған қатысушы үйірмелерге Алғыс хаттар табыс етілді.

Сайысқа педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Ботагариев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Моменов, аға оқытушы Ж.Қ.Кенбай, Ж.Қ.Есенгулов және «Инновациялармен кәсіпкерлікті дамыту» орталығының директоры, PhD доктор А.Т.Шетиева әділқазылық етті.