Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Зиялының сөзі: «Үйрек сорпасы»

Зиялының сөзі: «Үйрек сорпасы»

Амангелді АЙТАЛЫ,

философия ғылымының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры:

– Идеологиялық тәрбие жұмысында қандай да құнды идея болмасын, адамдарды жалықтырып қайталана берсе, өзінің алғашқы құндылығынан айырылады. Осы мәселеге байланысты Қожанасырдың «Үйрек сорпасы» деген әңгімесі сабақ аларлық. Оған алыстан туысы сыйға үйрек әкеліпті. Қуанған Қожанасыр қонағымен бірге оны пісіріп жейді. Кейін оның үйіне адамдар үйрек әкелген туысының досымыз, досының досымыз деп келе береді. Бірақ ешқайсысы да сыйлық әкелмейді. Тағаты кетіп шаршап отырғанда тағы да бір бөтен адам келіп, «мен саған үйрек әкелген туысқаныңыздың досының досының досымын» деп, тамақ дәметіп отырып алады. Сонда Қожанасыр оның алдына бір аяқ ыссы су қойыпты. «Бұл не?» деп сұраған қонаққа: «Бұл менің туысқаным әкелген үйректің сорпасының сорпасының сорпасы» депті. Тағамның қазанда қайта-қайта қайнай берген сайын дәмді әсері кететіні сияқты, жаттанды сөздердің де қайталана беруі мәселенің мәнін жояды, қоғамды зеріктіріп мезі қылады.

…Жеке адамның да, қоғамның да санасының жаңаруы оның білімділігінің деңгейі мен адамдардың ғылыми сауаттылығына байланысты деген ой басым. Ол дұрыс та. Дегенмен, рухани кемелділік адамның тек интеллект деңгейіне қарап емес, ішкі дүниесіне, рухани қасиеттерімен өлшенеді. Жаппай қырып-жоятын қаруларды жасағандар жоғары интеллекті иелер еді.

источник