Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «3D принтерін және Arduino микроконтролерін қолдану» шеберлік-класы өтті

«3D принтерін және Arduino микроконтролерін қолдану» шеберлік-класы өтті

«Информатика  және ақпараттық технологиялар» кафедрасында «3D принтерін және Arduino микроконтролерін қолдану» шеберлік-класы өтті. Мастер кластың негізгі мақсаты  қазіргі таңдағы робототехника негіздерін оқытуда кеңінен қолданыла бастаған Arduino микроконтролерінің қызметін таныстыру болатын.

Алдымен  Arduino программалау ортасы туралы презентация жасалды және Arduino UNO жинағы, осы Arduino микроконтролерінің негізінде жасалған 3D-принтерінің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, Arduino микроконтроллері негізінде «Бағдаршам» моделі, оның құрылым принциптері және бағдарламалық жасақтамалары қарастырылды.

Қатысушылар мастер-класты ұйымдастырушылар: А.А.Жумагуловаға, Д.Д.Елубаеваға, В.Н.Казагачевқа робототехника дамуындағы кейбір аспектілерді жете түсіндіргені үшін алғыстарын білдірді.