Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жаратылыстану факультеті студенттерінің Республикалық пәндік олимпиададағы жетістіктері

Жаратылыстану факультеті студенттерінің Республикалық пәндік олимпиададағы жетістіктері

А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында жаратылыстану факультеті «Биология» мамандығының студенттері Перизат Жәми, Жандос Сансызбаев командалық есепте жүлделі бірінші орынға ие болды. Топ жетекшісі: С.Т.Сырымбетов.

Сонымен қатар Əл — Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Х Республикалық студенттік олимпиадасында «Жастар АРГУ» командасы жүлделі екінші орын иеленді. Топ жетекшісі: М.С.Агадиева. Жеке есепте «Биология» мамандығының студенттері Мөлдір Ермағанбетова, Қажығали Ирискелдиев жүлделі үшінші орынды бағындырды.

Аталған олимпиадада «Экология» мамандығының студенттері А.Ж.Жумагулова, А.К.Кибатов, Л.М.Калмагамбетова командалық есепте жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Топ жетекшісі: Н.С.Бекбаулина. Жеке есепте Айдана Жумагулова жүлделі үшінші орынды иеленді.

«Химия» мамандығының студенттері де Ақерке Жумабекова, Шамшырақ Бекболатқызы, Гульжан Ондаганова командалық есепте жүлделі үшінші орынға ие болды. Топ жетекшісі: х.ғ.к. А.А.Агишева. Сонымен қатар Ақерке Жұмабекова жеке есепте жүлделі үшінші орынға ие болды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Республикалық студенттік пəндік олимпиадасында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері Әлия Мұратқалий, Жеңісгүл Әлімжанова жеке біріншілікте жүлделі үшінші орын иегері атанды.