Среда, Февраль 19, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттік жатақханалар салу мәселесі талқыланды

Студенттік жатақханалар салу мәселесі талқыланды

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Ақтөбеде қалай жүзеге асырылып бастады? Алғышарттар, зерттеулер нәтижелері қандай? Осы сұрақтарға қатысты облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында жауапты басшылары жасаған талдауларын мәлімдеді. Әсіресе, студенттерді жатақханамен қамту, нарық сұранысына сай маман даярлау мәселесіне ден қойылды.

Президент 5 бастамасында ауыл-аймақтан қалаға келіңп, оқу іздеген жастарды жатақханамен қамту мәселесін жергілікті билікке жүктеген болатын. Бұл бойынша Бердібек Сапарбаев білім саласының басшылығына ай бұрын тапсырма берді. Есепті бүгін сұрады.

Ал 22 мың студент білім алатын жоғары оқу орындарындағы жағдай әлдеқайда жақсы. Ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, біреуінде ғана — медицина университетінде 436 студентке жатақхана керек. Қалғанында мәселе жоқ. Ал колледждерді жатақханамен қамту деңгейі сын көтермейді.

Мәселе сол — нарыққа қажет мамандар даярлауға келгенде де мүдіреміз. «Жалпыға бірдей ақысыз кәсіби және техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруға жағы да ақсап тұр деді Бердібек Сапарбаев.

Ауылда да табыстың көзін табу үшін жұмысшы мамандар қажет. Әкім шалғай елдімекендерді мысалға келтірді.

Еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлауға оқу орындары ғана емес, аудан әкімдері де ынталы болуы тиіс деді өңір басшысы

Жиын қорытындысында Бердібек Сапарбаев Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының әр қайсысына қатысты нақты ұсыныстар беру мерзімін белгіледі. Оқу орындарының, басқармалардың басшыларына да, аудан әкімдеріне де талап ортақ екенін еске салды.

источник