Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Лондондық ғылыми қызметкерлер сабақ өткізді

Лондондық ғылыми қызметкерлер сабақ өткізді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінде Ұлыбританияның Лондон қаласынан Лондон гигиена және тропикалық медицина университетінің ғылыми қызметкері Соня Рего және Алан Туран атындағы Лондон университетінің ғылыми қызметкері Мэт Кушнер қонақта болды.

Шетелдік қонақтар «Биология» кафедрасының оқытушысы Роман Кузембаевпен бірге “team-teaching technique” әдісімен студенттерге ағылшын тілінде дәріс берді. Сонымен қатар көптілділік бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде дәріс беріп жатқан университет оқытушылармен кездесіп, тәжірибелерімен алмасты. Екіжақты достық қарым-қатынаста өткен бұл шара студенттердің ағылшын тілін терең меңгеруге, сөздік қорын байытуға көп септігін тигізді.