Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттердің ғылым апталығы басталды

Студенттердің ғылым апталығы басталды

Жұбанов университетінде бүгін студенттердің ғылым апталығы басталды. Әр көктемде өткізілетін дәстүрлі шараның биылғы ұйымдастырылуы ерекше өтуде. Студент-жастардың ғылымдағы талпыныстарына қолдау көрсету, оларды  ғылыми  ізденістерге қызықтыру мақсатында бір апта ішінде  әртүрлі 150-ге жуық шара өткізілетін болады.

Шаралардың көбі ауқымды. Атап өтсек,  12 ғылыми семинар, 16 дөңгелек үстел, 7 тренинг, 28 пәндік олимпиада, 8 ғылыми байқау жоспарланған. Сонымен қатар ғылым апталығы аясында белсенді және үздік студенттер слеті, ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі, ғылыми жетістіктер көрмесі, шеберлік сағаттары, брейн-рингтер, іскерлік және интеллектуалдық ойындар  сияқты қызықты ғылыми-көпшілік шаралар да бар.

Сондай шаралардың бірі, түстен кейін Қ.Жұбанов атындағы конференц  залында басталған «Ғылым қайнары»  үздік ғылыми және инновациялық  жобалар  байқауында 1, 2,3,4 курс студенттері арасынан іріктелген 30 – ға жуық  жобалық  жұмыстар қаралып жатыр. Жүлделі орын 3-еу. Жеңімпаздар алған орындарына сәйкес 100000, 50000, 25000 теңгемен ақшалай марапатталатын болады.