Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Болашақтың бағдарламасы

Болашақтың бағдарламасы

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін түсіндіру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында дөңгелек үстел өтті.
Жиынның мақсаты — Елбасының Үндеуін халыққа кеңінен түсіндіру, студенттердің патриоттық сезімін қалыптастыру, оларды білімін жетілдіруге ынталандыру, рухани, адамгершілік тәрбие жүйесінде негізгі құндылықтарды насихаттау.
Басқосуда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсенбин «Ел болашағын бағдарлаудағы жаңа бағыттар» атты тақырыпта баяндама жасады. Үндеуде көрсетілген бағыттарды талдап, түсіндіріп берді.

Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Ізімбетова, Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Арыспаева, Ойыл аграрлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Тумышева баяндамалар жасап, жастарға бес бағытты  кеңінен айтып берді.  Өз кезегінде студенттер сұрақ қойып, ойларын ортаға салды.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің жастары және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жоғарғы курс студенттері қатысты.
Бұл шараны «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырды.

 

Жайнагүл КӨШКЕНОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=64948